06.12.2011, 10:35 3329

Астана қаласындағы "Лукойл" ғимаратында өрт шықты

Дүйсенбі күні Астана қаласының Қабанбай батыр даңғылында орналасқан "Лук Ойл Оverseas" әкімшілік ғимаратында өрт шыққан.

Астана. 6-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласындағы "Лукойл" ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Астана қаласының Қабанбай батыр даңғылында орналасқан "Лук Ойл Оverseas" әкімшілік ғимаратында өрт шыққан.

Өрт 5 желтоқсан күні, сағат 11.53-те ғимараттың 2-інші мен 9-ыншы қабат аралығындағы сыртқы қаптамасы мен жылытқыш материалдарынан тұтанды.

Тілсіз жаудың ошағы сағат 12.16-да жойылып, тағы бір сағаттан астам уақыттан кейін толығымен ауыздықталды.

Жалынмен ҚР ТЖ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 23 адамы мен 7 техникасы күрескен. Өрт 40 шаршы метр аумақты шарпыды. Ғимараттан 200 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны