02.12.2011, 12:14 2954

Астана қаласының полицейлері 330 мың АҚШ долларын ұрлаған қылмыскерлерді ұстады

Астанада 38 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерінен қомақты ақша ұрлау әрекеті ашылды. Бұл туралы шікі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана. 2-желтоқсан. Kazakhstan Today - Астана қаласының полицейлері 330 мың АҚШ долларын ұрлаған қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада 38 жастағы жергілікті тұрғынның пәтерінен қомақты ақша ұрлау әрекеті ашылды. Бұл туралы шікі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, 27 қараша күні Алматы аудандық ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын пәтерінен 330 мың АҚШ доллары жоғалғанын хабарлаған.

Жедел-іздеу шараларын жүргізу барысында, 30 қараша күні Алматы аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен зардап шегушінің алыс туысын ұстаған. Қарағанды облысының тумасы болып табылатын күдіктіні тексеру кезінде оның спорт сөмкесінен ақша табылған. Жауап алу кезінде ол ұрлығын мойындаған. Тәркіленген ақша иесіне қайтарылған.

Осы факті бойынша қылмыстық кодексінің 175-бабы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны