20.12.2006, 14:09 2806

Астана маңайында үсікке шалдыға жаздаған үш аңшы құтқарылды

АСТАНА. 20-желтоқсан. Kazakhstan Today. Астана маңайында төрт күн іздеу салынған үш аңшы үсікке шалдыға жаздаған жерлерінен құтқарылды деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

27-30 жас аралығындағы үш жас жігіт 15 желтоқсан күні Астанадан 52 шақырымдық Софиевский жолы маңына аң аулауға шыққан. Келесі күні олар Астана қаласының тұрғыны, өздерінің туысқанына ұялы телефон арқылы автокөліктерінің бұзылғанын және өздерінің тоңа бастағандықтарын хабарлаған.

Адамдарды іздеуге төтенше жағдайлар министрлігінің көліктегі құтқарушылары кірісті. Бірақ іздеу жұмыстары өз нәтижесін бермеді.

19 желтоқсан, дүйсенбі күні жоғалғандарды іздеуге шекарашылар жұмылдырылды. "Шекара қызметінің басқаруымен іздеу жұмыстарына шекара авиациясын тарту туралы шешім қабылданды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Софиевский жолынан 20 шақырым аумақты шолу барысында аңшылар табылып, 16 сағат 45 минутта Астана әуежайына жеткізілді. "Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмай шықты",- деп атап өтті Шекара қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны