05.06.2008, 10:50 1490

Астана маңындағы Кірпішті ауылының тұрғындары су қамтамасыздығынан ажыратылды

Астана маңындағы Кірпішті ауылының тұрғындары су қамтамасыздығынан ажыратылды

Астана. 5 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана маңындағы Кірпішті ауылының тұрғындары су қамтамасыздығынан ажыратылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 4 маусымда 15 сағат 15 минутта Астана қаласында, өндірістік аймақта су құбыры жарылды. Соның салдарынан Кірпішті ауылының тұрғындары судан ажыратылды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғаның залал-зардабын жоюға в "АстанаСуАрнасы" ҚКК-ның 12 адам мен 6 арнаулы техникасынан құралған апаттық топ жұмылдырылды. 23.00 сағататғы жағдаймен апаттан қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны