22.09.2008, 15:15 1335

Астана мен Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

Астана мен Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Сарыарқа ауданында Астана - Көкшетау айналма жолының 30-шы шақырымында 22 қыркүйекте сағат 01.25-те "Ауди" көлігінің 22 жастағы жүргізушісі бағанды соға көлігін аударып алды.

Соның салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, оның төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Сондай-ақ, Алматы облысының Іле ауданында Ащыбұлақ-Көкқайнар автожолының 4-ші шақырымында 21 қыркүйекте сағат 14.30-да "Мерседес" және "Ауди" көліктері соқтығысты.

Соның салдарынан "Мерседес" көлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен оның 16 жастағы жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, "Мерседесте" отырған тағы бір бозбала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны