11.02.2010, 09:50 1403

Астана мен Алматыда сегіз адам көмірқышқыл газынан улану салдарынан ауруханаға жатқызылды

Астана мен Алматыда сегіз адам көмірқышқыл газынан улану салдарынан ауруханаға жатқызылды

Астана. 11 ақпан. Kazakhstan Today - Астана мен Алматыда сегіз адам көмірқышқыл газынан улану салдарынан ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Алматыдағы Қалқаман-2 ықшамауданындағы Алтын Алаш-6 көшесіндегі жер үйде сағат 20.56-да көмір жағатын пештің ақауы салдарынан төрт әйел көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Астанада сол күні Сарыарқа ауданында сағат 05.45-те Өрнек көшесіндегі жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан екі әйел мен жеті және екі жасар балалар көмірқышқыл газынан улану салдарынан ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны