24.09.2009, 09:33 1577

Астана мен Алматыда жол апатынан екі жүргінші қаза тапты

Астана мен Алматыда жол апатынан екі жүргінші қаза тапты

Астана. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астана мен Алматыда жол апатынан екі жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда Тұрғыз Озал және Төле би көшелерінің қиылысында 23 қыркүйекте сағат 11.40-та "Мерседес" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, 47 жастағы әйел оқиға орнында мерт болды.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Сарыарқа ауданындағы Жангелдин көшесінде 23 қыркүйекте сағат 10.30-да "Алсим Аларко" ЖШС су құбырын тарту жұмыстары кезінде экскаватор жүргізушісі сол маңнан өтіп бара жатқан 28 жастағы әйелді қағып кетті, ол оқиға орнында қаза болды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Алматы облысының Талдықорған қаласында Алматы-Өскемен тас жолының 257-ші шақырымында 22 қыркүйекте сағат 17.50-де "Фольксваген", "Мицубиси" және "Форд" көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 48 жастағы "Фольксваген" жүргізушісі, 36 жастағы "Форд" жүргізушісі, осы көлікте отырған 11 жасар бала мен үш ересек адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны