09.06.2008, 09:50 1315

Астана мен Оралда өрт салдарынан 170 адам сыртқа шығарылды

Астана мен Оралда өрт салдарынан 170 адам сыртқа шығарылды

Астана. 9 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Оралда өрт салдарынан 170 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 8 маусымда 15 сағат 31 минутта Астанада 9 қабатты үйде өрт шықты. Өрт салдарынан 100 адам сыртқа шығарылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, екі адам ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің 53 адамы мен 12 арнаулы техникасының көмегімен 16 сағат 37 минутта сөндірілді.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін түнде 2 сағат 11 минутта Орал қаласында 9 қабатты үйде өрт шықты. Соның салдарынан 70 адам басқа сыртқа шығарылды. Өрт ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 5 арнаулы техникасының көмегімен 03 сағат 27 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны