19.01.2011, 14:50 3779

Астана мен Шымкентте пештен шыққан ақау салдарынан 13 адам уланып, бір адам мерт болды

Астанада пештен шыққан ақау салдарынан 13 адам уланып қалды. Ал Шымкент қаласында көмірқышқыл газына уланған бір ер адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 19 - қаңтар. Kazakhstan Today - Астанада пештен шыққан ақау салдарынан 13 адам уланып қалды. Ал Шымкент қаласында көмірқышқыл газына уланған бір ер адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Елордада көмірқышқыл газына улануға қатысты үш оқиға болды. "Өндіріс" кентінде бес адам, соның ішінде төрт бала, Сарыарқа ауданы Чернышевский көшесіндегі тұрғын үйде екі ересек және екі бүлдіршін, Оңтүстік-шығыс шағын ауданында - үш азамат пен бір бала зардап шекті.

Ал Шымкент қаласындағы оқиға қайғылы аяқталды, деп хабарлайды ТЖМ. Табиғи газбен жұмыс істейтін пештен ақау шығып, соның салдарынан уланған 42 жастағы ер азамат көз жұмған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны