09.04.2010, 09:51 1416

Астана мен Талдықорғанда көмірқышқыл газынан улану салдарынан тоғыз адам ауруханаға жатқызылды

Астана мен Талдықорғанда көмірқышқыл газынан улану салдарынан тоғыз адам ауруханаға жатқызылды

Астана. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Астана мен Талдықорғанда көмірқышқыл газынан улану салдарынан тоғыз адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Талдықорған қаласында 8 сәуірде "Көктал" ықшамауданында сағат 08.15-те көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 28,26,20, және 25 жастағы төрт ересек адам мен бес және екі жасар екі бала көмірқышқыл газынан уланды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Астанада сол күні Шалқар көшесіндегі жер үйде сағат 21.16-да көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 35 жастағы әйел, жеті және бір жасар екі бала ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны