29.01.2010, 10:16 1484

Астана мен Таразда жеті адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

Астана мен Таразда жеті адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Астана мен Таразда жеті адам көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен тәулікте республикада пештің ақауы салдарынан көмірқышқыл газынан 7 адам уланды. Атап айтсақ, Астана қаласында Сарыарқа ауданының Шолохов көшесіндегі жеке меншік тұрғын үйлердің бірінде болды. Көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға үш азамат жеткізілген.

Тараз қаласындағы жер үйлердің бірінде болған осындай оқыс оқиғаның салдарынан 4 адам ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны