17.01.2011, 15:07 3582

Астана - Петропавл бағытына беталған автобус бұзылып, оның жолаушыларына көмек көрсетілді

Астана - Петропавл бағытына беталған автобус бұзылып, оның жолаушыларына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 17 - қаңтар. Kazakhstan Today - Астана - Петропавл бағытына беталған автобус бұзылып, оның жолаушыларына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, "Астана-Петропавл" тасжолының "Астана-Щучинск" учаскесінің 74 шақырымында техникалық жағдайларға байланысты рейстік автобус сынып қалып, жолда қалған. Аталған кәсіпорынның "Қазақавтожол-Көкшетау" еншілес мемлекеттік кәсіпорнының техникасы автобусты Шортандының Жол пайдалану пунтісіндегі жылыту бекетіне орналастырды. Ал автобуста болған 16 жолаушы жол-жөнекей Астанаға бара жатқан автобусқа отырғызылып, жөнелтілген.

Баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, "Қазақавтожол" РМК-ның көмек көрсетуге негізделген арнайы мамандандырылған техникалары болмаса да, автожол жұмыскерлері қыс кезінде жиі болып тұратын төтенше жағдай салдарынан орта жолда істен шыққан автокөліктер мен тонған адамдарға көмек көрсету шараларын атқарып тұрады.

Аталмыш кәсіпорын еліміздегі 23,5 мың шақырым республикалық маңызы бар жолдарда қызмет көрсетеді. "Қазақавтожол" РМК-ның құрамында облыстық 14 филиал және "Қазақавтожол-Көкшетау" еншілес мемлекеттік кәсіпорны бар. Автокөлік жолдарында қызмет көрсету бағытында осы кәсіпорында 3,5 мың адам жұмыс істейді. Жылдың қыс мерзімінде мекеме қызметкерлері жолды қардан тазалау жұмысымен айналысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны