18.02.2011, 18:32 3122

Астана - Петропавл тасжолында бірден 17 көлік соғылған жол апаты болды

Астана - Петропавл тасжолында бірден 17 көлік соғылған жол апаты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 18 - ақпан. Kazakhstan Today - Астана - Петропавл тасжолында бірден 17 көлік соғылған жол апаты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні "Астана-Петропавл" тас жолының 85 шақырымында 17 автокөлік соқтығысып қалған.

Жолдың нашар көрінуіне байланысты "Toyota Previa" маркалы автокөлік жолда тоқтауға мәжбүр болған. Сол кезде оны соңынан ілесіп келе жатқан "Iveco" маркалы автомобиль соққан. Полицейлердің болжамынша, екінші көліктің жүргізушісі ауа райының нашарлығын қаперге алмаған әрі жылдамдықты дұрыс таңдамаған.

Осыдан кейін 15 автокөлік бірінен кейін бірі соқтығысқан. Олар да ауа райы жағдайына сәйкес келмейтін жылдамдықпен жүріп келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам зардап шегіп, олар ауруханаға жеткізілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны