12.06.2009, 16:42 2979

Астана - Петропавловск тас жолында жолаушылар автобусы мен КамАЗдың соқтығысуынан бес адам зардап шекті

Астана - Петропавловск тас жолында жолаушылар автобусы мен КамАЗдың соқтығысуынан бес адам зардап шекті

Көкшетау. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана - Петропавловск тас жолында жолаушылар автобусы мен КамАЗдың соқтығысуынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының Еңбекшілер ауданында Астана - Петропавловск тас жолының 170-ші шақырымында 11 маусымда сағат 06.30-да "SCANIA" жолаушылар автобусы КамАЗ көлігі соқтығысты.

"Жолаушылар автобусының жүргізушісі, Шымкент тұрғыны Астанаға бет алу барысында Макинскіден шыққан жүк көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан екі жүргізуші де жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Екі көлікті отырған үш жолаушы да зардап шекті", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны