28.06.2010, 11:25 2912

Астана станциясында электровоз бен жүк поезі рельстен шығып кетті

"Астана Екібастұз бағытына бет алған №1194 электровоз бен жүк артылмаған № 2302 жүк поезі рельстен шығып кетті",- деп айтылған ТЖМ хабарламасында.

Астана. 28-маусым. Kazakhstan Today 27-маусым күні сағат 14.20 Астана станциясында электровоз бен жүк поезі рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Астана Екібастұз бағытына бет алған №1194 электровоз бен жүк артылмаған № 2302 жүк поезі рельстен шығып кетті",- деп айтылған ТЖМ хабарламасында.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 16.15 вагон рельске қайта қойылып, сағат 23.20 электровоз орнатылды. Бұл оқиға басқа поездардың қозғалысына әсер еткен жоқ. ТЖ салдарын жоюға "Қазақстан темір жолы" АҚ 12 қызметкері мен қалпына келтіру поезі тартылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны