28.12.2015, 20:59 4942

Астана тұрғыны автобуста петарданыӊ жарылуы салдарынан жарақаттар алды

Полиция алкогольдік мас күйде болып, бағдарлы автобустыӊ ішінде петарданы жарған Қарағанды облысыныӊ 26 жастағы тұрғынын ұстады

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Полиция алкогольдік мас күйде болып, бағдарлы автобустыӊ ішінде петарданы жарған Қарағанды облысыныӊ 26 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған факті ҚР ҚК-ніӊ 293-бабы (бұзақылық) бойынша сот алдындағы тергеудіӊ Бірыӊғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған ер адамныӊ бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды Астана қалалық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Кеше, 27 желтоқсан күні ІІД-не Астана қаласыныӊ 19 жастағы тұрғыны келіп, белгісіз адамныӊ қоғамдық көліктіӊ ішінде петарданы жарып, оған дене жарақаттарын салғаны туралы өтініш жазған. Соныӊ салдарынан ол ауруханаға барып, дәрігерлердіӊ қарауынан кейін табаныныӊ жұмсақ тіндері жарақатымен үйіне жіберілді.

Елордалық полиция қызметкерлері Жаӊа жыл алдындағы мереке күндері пиротехниканы кіргізу және шығару, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою тәртібініӊ сақталуы бойынша жұмыстарды жүргізуде.

Бұдан басқа, "Пиротехника" жедел-алдын алу шарасыныӊ аясында Астана полицейлері ТЖД қызметкерлерімен бірігіп ойын-сауық мекемелері, мектепалды және жалпы білім беретін мекеме басшыларымен бірге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны