13.12.2010, 14:00 3349

Астана және Қарағанды қалаларында сегіз бала көмірқышқыл газымен уланып қалды

Өткен сенбі күні Астана және Қарағанды қалаларында сегіз бала көмір қышқыл газымен уланып қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 13 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Өткен сенбі күні Астана және Қарағанды қалаларында сегіз бала көмір қышқыл газымен уланып қалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, Астананың Жаңа Ильинка аулында екіпәтерлі үйдегі пештен ақау шығып, соның салдарынан үш жас пен 16 жас аралығындағы бес бала көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар, сағат 16.15 Қарағандыдағы бір қабатты үйлердің бірінде өрт шыққан. Өрт аумағы 4 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан бес, алты жастағы және тағы бір сәби көмірқышқыл газымен уланып, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны