Система Orphus

"Астана-Алматы" бағытындағы пойыз Жамбыл облысыныӊ аумағында апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты

17.06.2018, 22:06 3966

Алматы. 17 маусым. Kazakhstan Today - Бүгін "Астана-Алматы" бағытында қатынайтын пойыз апатқа ұшырап, 8 вагон рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан бір жасөспірім қаза тапты. "Бір жасөспірім қаза тауып, үш адамныӊ жарақат алғандығы туралы ақпарат расталды", - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ ресми өкілі Руслан Иманқұлов. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "Астана-Алматы" бағытында қатынайтын пойыздыӊ апатқа ұшырауына қатысты ресми мәлімдеме жасап, оқиғаныӊ шығу себебін тексеретін арнайы комиссия құрылғанын xабарлады.

ҚР ИДМ Көлік комитетініӊ өкілдері Жамбыл облысында пойыздыӊ рельстен шығып кетуініӊ алдын ала себептерін айтты. "17 маусым күні 13:25-те Сарышаған - Шу учаскесінде Астанадан Алматыға бара жатқан №9/10 пойызыныӊ жолаушы вагондары рельстен шығып кетті. Оған машинистіӊ жолдыӊ қисайған жерін көріп, шұғыл тежегішті басқаны себеп болған. Оқиғаныӊ мән-жайын тексеру үшін ҚР ИДМ Көлік комитетініӊ жанында арнайы комиссия жасақталды", - деп мәлімдеді Көлік комитетініӊ баспасөз қызметі. Еске салайық, бүгін Астанадан Алматыға бара жатқан жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты.

Пойызда 829 адам болған. Аман қалған жолаушылар Шу станциясына жеткізіліп, мұқтаж адамадарға медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, ыстық тамақ берілді. Қазір оларды негізігі діттеген жерлеріне жеткізу жөнінде жұмыстар атқарылуда. "ҚТЖ" ҰҚ қайтыс болған жолаушыныӊ отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көӊіл айтады және жарақат алған жолаушылардыӊ тезірек жазылуын тілейді. ҚР Заӊнамасына сәйкес барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілетін болады. Аталған жағдайдыӊ зардабын жою үшін Шу, Сарышаған станцияларынан шыққан жолды қалыпқа келтіретін арнайы пойыздар жұмыс атқаруда. Инвестиция және даму министрлігі Транспорт комитетініӊ жанынан құрылған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын аяқтаған соӊ апаттыӊ нақты себебін жариялайтын болады.

832 жолаушыныӊ 200-і алған билеттеріне сәйкес Шу стансысында түсіп қалған. 488 жолаушы Алматы қаласына жөнелтілсе, қалғандары теміржол көлігімен жеткізіп тастау ұсынысынан бас тартып, белгіленген пункттерге автокөліктермен өз беттерімен кеткен.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ жедел штабыныӊ ақпаратына сәйкес, №10 жолаушылар пойызы вагондарыныӊ рельстен шығып кетуі салдарынан 14 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта үш адам - Шу аудандық ауруханасында, ал 11-і Шу қалалық ауруханасында жатыр.

"Астанадан Алматыға кетіп бара жатқан №10 пойыздыӊ вагондары Крюков және Тверь вагон құрастыру зауыттарынан 2012-2014 жылдары шыққан. Вагондар талап етілетін технологиялық зерттеулерден өткен, нормативті-техникалық құжаттамаларға сәйкес келеді. Нормативті-техникалық талаптарға сәйкес, №10 пойыздыӊ вагондары рейсалды техникалық қызмет көрсетуден өткен. Темір жолдарды техникалық регламент бойынша тексеру жұмыстары айына екі мәрте жүргізіледі. Жолөлшеуіш вагондардыӊ жолдары соӊғы рет 2018 жылдыӊ 6 маусымында өлшенген. Кемшіліктер анықталмаған", - делінген ҚТЖ ақпаратында.

"Алматы-1" вокзалында көмек көрсету үшін жағдай жасалып отыр. Нақтырақ айтқанда, №10 пойыздыӊ жолаушыларына медициналық қызмет көрсету, қосымша ақпараттық-анықтамалық аумақта теміржол билеттерініӊ құнын қайтару бойынша кеӊес беру қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Комментарии

Ең көп оқылғаны