18.06.2018, 22:53 101079

"Астана-Алматы" жолаушылар пойызындағы зардап шеккендерге тиісті барлық көмек көрсетіледі - ҚТЖ

Орын алған оқиға бойынша Бас көлік прокуратурасы қадағалауымен құқық органдары қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Тараз. 18 маусым. Kazakhstan Today - 18 маусымда Жамбыл жол бөлімшесініӊ Шу станциясында "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, ҚР ИДМ Көліктерді бақылау комитетініӊ төрағасы Исет Асаубаев, № 9/10 "Астана-Алматы" жолаушылар пойызыныӊ жолдан шығып кетуіне қатысты оқиға бойынша журналистермен брифинг өткізді. Сондай-ақ, брифингке Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментініӊ өкілдері де қатысты.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев зардап шеккендерді қолдаудыӊ барлық мүмкін шаралары жасалып жатқандығына тоқталды.

Қазақстан Республикасы заӊнамасы бекіткен төлемдерден өзге,

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы қаза болған жасөспірімніӊ отбасына 2 миллионнан астам теӊге, зардап шеккендерге алған жарақаттарыныӊ денсаулығына келтірген залалыныӊ ауырлығына байланысты 500 мыӊ теӊгеден 1 миллион теӊгеге дейін беріледі.

Сондай-ақ, жолаушылар "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ныӊ "НСК" сақтандыру компаниясымен өткен жылы жасасқан келісім шартына орай тиісті өтемақы ала алады. Сақтандыру компаниясыныӊ қосымша өтемақы төлеу мәселесі "ҚТЖ" ҰК" ААҚ-ыныӊ ерекше бақылауында тұр.

Қ. Алпысбаевтыӊ айтуынша, "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан жедел штаб құрылды. Ол вагондардыӊ жолдан шығып кетуіне қатысты барлық зардаптарды жоюдыӊ шараларын үйлестіреді.

Оқиға болған жерде 9 әртүрлі техника мен 300-ге жуық теміржолшы қалпына келтіру жұмыстарын жасауда. Пойыз қозғалысы екінші жолмен жүргізілуде.

Арнайы комиссия оқиғаныӊ себебін сараптауда. Оныӊ нәтижесі қосымша хабарланады.

"Қазіргі кезде жол телімініӊ инфрақұрылымы техникалық тексеруден өткізілуде. Жылжымалы құрамныӊ инструментарлық өлшемі жасалуда. Сараптау нәтижесі зерделенуде",-дейді компания басшысы.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ қызметтік тергеу амалдарын жүргізуде. Соған орай оқиғаныӊ себебі сараланады. Теміржол телімі түгелдей тексеріледі. Локомотивтер мен вагондардыӊ жағдайы тексеріледі. Пойыз қозғалысыныӊ қауіпсіздігіне талап күшейтілді.

Орын алған оқиға бойынша Бас көлік прокуратурасы қадағалауымен құқық органдары қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, Астана-Алматы пойызыныӊ апатын тексеру комиссиясы болған жағдайдыӊ бір ықтимал себебін жоққа шығарды.

Жамбыл облысында ҚР Көлік комитеті төрағасы Исет Асаубаев пен "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтыӊ қатысуымен 17 маусымда Астана-Алматы пойызыныӊ апатқа ұшырауына қатысты брифинг өтті. Журналистерге аталмыш жағдай бойынша құрылған комиссияныӊ жұмысы туралы айтылды.

Қазіргі уақытта комиссия жол учаскесі инфрақұрылымыныӊ техникалық жағдайын зерттеп, жылжымалы құрамныӊ инструменталды өлшемдері жүргізіледі.

Бұдан бөлек, комиссия жолаушылар пойызына көршілес жолмен өтіп бара жатқан жүк құрамы бар пойыздыӊ жүріп өтуін ұйымдастырды. Эксперимент екі пойыздыӊ жолдармен өту кезінде бір- бірімен қақтығысу мүмкіндігін жойды. Жүк пойызы мен жолаушылар пойызыныӊ қақтығысуы екіншісі жолдан шығып кеткеннен кейін болған.

Тергеуге қазақстандық және ресейлік мамандар тартылды.

Олар ғылыми-техникалық зерттеу мен пойыздыӊ жағдайын модельдейді. Комиссия сарапшылардыӊ жұмыс нәтижелерін апаттыӊ себеп-салдарын анықтауда ескеретін болады.

Тергеу нәтижелері бойынша тиісті шаралар қолданылады.

Қазіргі уақытта Комитет барлық темір жол учаскелеріндегі пойыздардыӊ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қатаӊ бақылауға алды.

18 маусым күні сағат 14:30-да апат болған жерде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оған 9 бірлік техника, 300 жұмысшы тартылды. Жұмыстарды 23:00-ге дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қозғалыс тоқтатылған жоқ, пойыздар екінші жолмен өтіп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны