29.02.2012, 10:21 4035

Астанада 16 рет алаяқтық жасаған қылмыскер құрықталды

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, такси жүргізушісіне 30 мың теңгеге жоғары жалақылы жұмысқа орналастыратынын айтқан. Ақшаны алып алғаннан кейін Б. есімді азамат ізін суытқан.

Астана. 29-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада 16 рет алаяқтық жасаған қылмыскер құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, елордалық полиция қызметкерлері 16 алаяқтық фактісі бойынша айыпталып отырған 22 жасар Жамбыл облысының тұрғынын қолға түсірген.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырып, такси жүргізушісіне 30 мың теңгеге жоғары жалақылы жұмысқа орналастыратынын айтқан. Ақшаны алып алғаннан кейін Б. есімді азамат ізін суытқан.

"Болған оқиғаның анық-қанығын тексеру барысында полиция қызметкерлері ұсталған азаматтың осыған ұқсас жолмен 16 рет алаяқтық жасағанын анықтады. Аңғал азаматтардың сеніміне кіру арқылы ол белгілі мөлшерде төлем ала отырып, жақсы жұмысқа тұрғызуға уәде еткен. Соңынан ақшаны қалтаға басып, ізін суытқан", - делінген хабарламада.

Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 177 бабы 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны