15.01.2008, 17:16 3124

Астанада 2007 жылы болған өрттерден 91 млн 631 мың теңге мөлшерінде шығын келтірілді - Астана Өртке қарсы күрес қызметі

Астанада 2007 жылы болған өрттерден 91 млн 631 мың теңге мөлшерінде шығын келтірілді - Астана Өртке қарсы күрес қызметі

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - В Астанада 2007 жылы орын алған өрттерден 91 млн 631 мың теңге мөлшерінде шығын келтірілді. Бұл туралы Астананың өртке қарсы күрес қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, 2007 жылы Астанада 626 өрт тіркеліп, 28 адам қаза болды.

Астаналық өрт сөндіру қызметінің бастығы Берік Құтпановтың айтуынша, 2006 жылмен салыстырғанда былтыр Астанада өрт саны сәл де болса төмендеген. Оның берген мәліметтері бойынша тілсіз жау 21,35% азайып, 2006 жылмен салыстырғанда, 2007 жылы адамның өлім -жітімі 2 адамға кеміген.

Астанының өрт сөндіру қызметінің бастығы айтқанындай, мұндай көрсеткіштердің азаюына, брендмауэрлер сияқты халық арасында өрт қауіпсіздік шараларын пайдалануға үйрететін көрнекті құралдарының қойылу септігін тигізген.

"Бүгінде брендмауэрлер "Шанхай", "Эталон" базарларында, "Путя" және "Артем" сауда үйлерінде қойылған. Осындай құралдарды орнату арқылы біздер өрт жағдайын тұрақтандырып, кейін брэндмауерлерді азаматттардың көп шоғырланатын қоғамдық нысандарында орналастыратын боламыз", - деді Б. Құтпанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны