18.05.2010, 10:02 1467

Астанада 9 тұрғын үйді сумен жабдықтау қайта жанданды - ТЖМ

Астанада 9 тұрғын үйді сумен жабдықтау қайта жанданды - ТЖМ

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада су құбырындағы апаттан сусыз қалған 9 тұрғын үйді сумен жабдықтау қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 10.15-те диаметрі 300 миллиметрлік су құбырында апат шықты, соның салдарынан Жеңіс даңғылындағы алты үй, Сейфуллин көшесіндегі бір, Желтоқсан көшесіндегі бір үйдің тұрғындары сусыз қалды.

"Сағат 12.00-де су қамтамасыздығы қайта жанданды. Төтенше жағдайды жоюға "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 12 адамы мен 4 техникасынан құралған апаттық бригадасы тартылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны