16.09.2011, 11:00 4441

Астанада адам өлтірді деген күдікпен колледж студенттері ұсталды

Астанада салтанатты той іс-шараларында "Мерседес" көлігімен қызмет көрсетумен айналысқан 22 жастағы жүргізушіні өлтірді деген күдікпен Астана колледждерінің студенттері ұсталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Иміржанов мәлім еткен.

Астана. 16-қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада адам өлтірді деген күдікпен колледж студенттері ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада салтанатты той іс-шараларында "Мерседес" көлігімен қызмет көрсетумен айналысқан 22 жастағы жүргізушіні өлтірді деген күдікпен Астана колледждерінің студенттері ұсталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Иміржанов мәлім еткен.

Оның айтуынша, 17-19 жастағы төрт студент осындай қанды қылмысқа көлікті бөлшектеп, кейін сату мақсатында барған. Қылмыскерлер салтанатты той іс-шараларына қызмет көрсетуші жас жігітті газет бетіндегі хабарландыру арқылы тауып алған. Оған телефон шалып, кездесу белгілейді. Кейін оны қаланың шетіне алдап апарып, сол жерде пышақтап өлтіріп, көлігін айдап әкеткен. Алдын-ала жоспар бойынша, қылмыскерлер көлікті "Дружба" қоғамында орналасқан гараждардың арасына тығып кетеді. Бірақ аталған гараждар қоғамының күзетшісі қырағылық танытып, мемлекеттік номер белгілерінсіз "Мерседес" автокөлігі тұрғандығы жөнінде полицияға хабарлайды.

"Жедел тергеу тобымен көлікті тексеру кезінде ішінен қан іздері табылып, тергеу амалдары жүргізіледі. Дәл сол күні сағат 14.40 шамасында Дулатов көшесінде орналасқан орман алқабынан автокөлік иесінің жансыз денесі табылады. Дереу жедел топ құрылады. 3 апта бойы жүргізілген жедел-іздестіру амалдарының нәтижесінде Астана қаласы ІІД-нің қызметкерлері Астана қаласының 17-19 жастағы төрт студентін анықтап, қылмыс жасады деген күдікпен тергеуге алады", - дейді Б. Иміржанов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ұсталған күдіктілер жасаған қылмыстарын толық мойындады. Қайтыс болған жігіттің үйінде оның зайыбы мен 5 айлық баласы қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны