14.03.2012, 16:20 4713

Астанада ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаған күдікті құрықталды

"Елорданың жедел қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаған деген күдікпен іздеуде жүрген Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Өткен жылғы ақпан айының ортасында күдікті өзінің сыбайласымен алдын ала келісіп, киім тігу ательесінің 46 жастағы иесін ұрлап, оны Астана қаласының сол жағалауында жалға алынған пәтерге алып барған. Олар жәбірленушіге күш көрсетіп, 50 мың АҚШ долларын беруді талап еткен",-деді Н. Ораз.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Астанада ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаған күдікті құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

"Елорданың жедел қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалау мақсатында адам ұрлаған деген күдікпен іздеуде жүрген Қарағанды қаласының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Өткен жылғы ақпан айының ортасында күдікті өзінің сыбайласымен алдын ала келісіп, киім тігу ательесінің 46 жастағы иесін ұрлап, оны Астана қаласының сол жағалауында жалға алынған пәтерге алып барған. Олар жәбірленушіге күш көрсетіп, 50 мың АҚШ долларын беруді талап еткен",-деді Н. Ораз.

Ресми өкілдің айтуынша, жәбірленуші өзінің танысынан қажетті ақшаны әкеліп беруді өтінген. Күдіктінің біреуі ақша беру үстінде ұсталып, қазіргі уақытта ол сотталды. Оның сыбайласы өткен аптада Қарағанды қаласында қолға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны