15.04.2010, 10:43 1442

Астанада апат салдарынан тоғыз тұрғын үй, балабақша мен АІІБ ғимаратының тұтынушылары сусыз қалды

Астанада апат салдарынан тоғыз тұрғын үй, балабақша мен АІІБ ғимаратының тұтынушылары сусыз қалды

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Астанада апат салдарынан тоғыз тұрғын үй, балабақша мен АІІБ ғимаратының тұтынушылары сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 10.40-та Алматы ауданындағы Абылай хан даңғылында диаметрі 400 миллиметрлік су құбыры тозу салдарынан жарылды. Соған байланысты Мактумкули көлесіндегі бір, Абылай хан даңғылындағы сегіз үйдің, №69 балабақша мен Училищная көшесіндегі Алматы аудандық АІІБ ғимаратының тұтынушылары сусыз қалды.

Оқыс оқиғаны жоюға "Астана Су Арнасы" ҚКК-ның 15 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны