16.09.2008, 10:08 1417

Астанада апат салдарынан төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйдің тұрғындары сусыз қалды

Астанада апат салдарынан төрт сауда үйі мен бір тұрғын үйдің тұрғындары сусыз қалды

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Астанада апат салдарынан төрт сауда үйі, орталық базар мен бір тұрғын үйдің тұрғындары сусыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астанадағы Жангелдин көшесінде 15 қыркүйекте сағат 17.05-те диаметрі 100 мм-лік су құбырының жарылуы салдарынан "Илем", "Ажар", "Аймақ", "Аймақтау" сауда үйлері; орталық ескі базар мен Қошқарбаев көшесінің тұрғындары су қамтамасыздығынан қағылды.

Су жеткізілді. Төтенше жағдайды жоюға "АстанаСуАрнасы" ҚКК-ның 10 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны