19.06.2009, 09:53 1408

Астанада "Ауди" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Астанада "Ауди" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Астана. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада "Ауди" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып өлтірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада Құдайбердіұлы көшесінде 18 маусымда сағат 09.15-те "Ауди" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Соның салдарынан 51 жастағы әйел ауруханада көз жұмды.

Сондай-ақ, Қарағанды облысының Балхаш қаласында №53898 әскери бөлімшенің аумағында 18 маусымда сағат 11.30-да "Урал" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 31 жастағы әйел жарақат салдарынан оқыс оқиға орнында жан тапсырды.

Сол күні, ТЖМ мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты болған. ДТП произошло в Северо-Казахстанской области. Ибраево - Сергеевка тас жолының 7-ші шақырымында сағат 10.30-да ПТС-6 тіркемелі ЮМЗ-6 тракторының жүргізушісі тракторын аударып алды. Апат салдарынан 19 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны