29.02.2012, 13:41 3932

Астанада "Байшатыр" ЖШС боксында өрт шығып, бір адам мерт болды

Астанада "Байшатыр" ЖШС жүк көліктерін қоятын боксының тұрмыстық бөлмесінен шыққан өрт салдарынан ер азамат қаза болған.

Астана. 29-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада "Байшатыр" ЖШС боксында өрт шығып, бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада "Байшатыр" ЖШС жүк көліктерін қоятын боксының тұрмыстық бөлмесінен шыққан өрт салдарынан ер азамат қаза болған.

"28 ақпанда Астана қаласы Алматы ауданындағы жүк көлігіне арналған бокста 05 с. 45 мин. тұрмыстық бөлмесінде өрт шықты. Өртенген жерден ер адамның мәйіті табылды (аты-жөні анықталған жоқ)", -делінген хабарламада.

Өрт 06 с. 03 мин. ауыздықталып, 06 с. 41 мин. сөндірілді. Өрт сөндіруге: ҚР ТЖМ Астана қаласы ТЖД өрт сөндіруші қызметі жеке жасағының 12 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны