12.08.2026, 16:49 25046

Астанада баланы футбол қақпасы басып қалды: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр
Полиция Астанада тоғыз жасар баланың үстіне футбол қақпасының құлап кету дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.

Оқыс оқиға 10 тамызда жаттығу кезінде болған. Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, бала қақпа жақтауына асылғаннан кейін қақпа оның үстіне құлап кеткен.

"Бала жарақат алды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады департамент.


Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясы оқиға болған алаңның жекеменшік футбол мектебіне жалға берілгенін хабарлаған болатын. ҚФФ аталмыш нысан мен жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізуді бастады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны