15.03.2007, 10:17 2605

Астанада бір дүкен мен оның жанындағы пәтер өртенді, құрбан болған ешкім жоқ

АСТАНА. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада тұрғын үйге жалғастыра салған дүкенде өрт шықты, құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Интернациональный ауылындағы "Тарлан" дүкеніндегі өрт сәрсенбі күні таңертең шыққан. Бұдан кейін жалын дүкен жалғастыра салынған 6 пәтерлі барак үлгісіндегі үйге қарай ойысты. Соның салдарынан өрт аумағы 60 шаршы метрге жетті. Бір пәтер толық өртеніп, екіншісінің шатыры зақымданды.

Өртті сөндіру барысында 15 адам шығарылды.

Өрт бір сағаттан кейін шоғырландырылып, тағы екі сағатта толық сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны