09.08.2006, 09:39 3366

Астанада бір құрылысшы қаза тапты

АСТАНА. 9-тамыз. Kazakhstan Today. Астанада бір құрылысшы қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматы ауданында "Құлагер" ЖШС-нің құрылыс алаңында 8-тамызда 9 сағат 45 минутта тұрғын үй құрылысын салу барысында шынжыр табанды кранның көтергіші құлап кеткен. Соның салдарынан жарақаттанған екі жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Олардың біреуі ауруханада қайтыс болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны