31.05.2010, 10:52 6514

Астанада бір жұмысшы топырақ астында қалды - ТЖМ

Астанада бір жұмысшы топырақ астында қалды - ТЖМ

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Астанадағы Жеңіс даңғылында бір жұмысшы топырақ астында қалып қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 30 мамырда сағат 22.05-те болған. 30 жастағы "Алсин-Аларко" ЖШС жұмысшысы жер қазу жұмыстары кезінде шұңқыр қабырғасының опырылуы салдарынан қаза тапты.

"Қаза тапқан жігітітң мәйітін ҚР ТЖМ арнайы қызметтерінің күшімен шығарып алынды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны