12.04.2011, 15:53 4344

Астанада бірнеше рет әйел зорлаған такси жүргізушісі құрықталды

Астанада бірнеше рет әйел зорлаған такси жүргізушісі құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 12 - сәуір. Kazakhstan Today - Астанада бірнеше рет әйел зорлаған такси жүргізушісі құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада жеке тасымалмен айналысқан 23-жастағы Павлодар тұрғыны, бірнеше рет адам зорлады деген күдікпен қолға түскен. Бұл туралы сейсенбі күні елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

"Астанада уақытша тұрып жатқан Шығыс-Қазақстан облысының 23-жастағы азаматы жеке тасымалмен айналысып жүріп бір әйел кісіге тонау және зорлау мақсатында шабуыл жасаған. Күдікті бұрын сотталмаған, ол Астанаға уақытылы жұмыс істеуге келген. Павлодарда тұрады, үйленген әйелі және жас баласы бар", - деп айтылған сейсенбі күнгі ІІД жариялаған хабарламада.

Полицияның мәліметінше, 2011 жылдың наурыз айында ол үш әйелге шабуыл жасаған. "Жәбірленушілер Астанада жұмыс істейтін 23-,24- және 30-жастағы қыз-келіншектер болған. Ол арам ойын негізінен түнде жүзеге асырып келген. Зардап шегушілер түнгі ойын-сауық ғимараттарынан шығып, таксиге мінген. Ешкім жоқ жерге келіп тоқтап, зорлық көрсетіп, күшпен заттарын, ақшаларын, қалта телефонын алып және соңынан ол әйелдерді зорлап кетіп отырған. Соңғы құрбаны миы шайқалып, ауруханада жатыр", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.

Мекеменің мәліметінше, күдіктіні қолға түсіру кезінде ол қарсылық көрсеткен. Ұсталған адамның көлігін тексеру кезінде, жәбірленушілердің біреуіне тиесілі болған заттар табылды.

"Қазіргі кезде жәбірленушінің шағымдануы бойынша ҚР ҚК бірнеше баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана ІІД УҰИ қамауға алынған", - деп атап көрсетілген хабарламада.

Астана полициясы елорда тұрғындарына осы тектес жағдайға душар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласуын өтінеді 71-63-46 және 71-61-45.

Photo: yuga.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны