12.10.2009, 13:24 1528

Астанада болған жол апатынан бес әскери ауруханаға жатқызылды

Астанада болған жол апатынан бес әскери ауруханаға жатқызылды

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Астанада болған жол апатынан бес әскери ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қ. Жұмановтың айтуынша, Астанада "кеше сағат 16.10-да Московская және Бейбітшілік көшелерінің қиылысында 27 жастағы "Тойота Камри" көлігінің жүргізушісі 30 жастағы кәсіпкер айдаған "Фольксваген Пассат" көлігімен соқтығысты. Апат кезінде "Фольксваген" көлігі адамдар тұрған тротуарға қарай лақтырылған.

"Соның салдарынан екі адам қаза тауып, 7 адам, соның ішінде бес әскери түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Жүргізушілердің кінә деңгейі анықталып жатыр. Екі жүргізуші де мас болмаған", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны