06.01.2009, 10:08 1553

Астанада энергетикалық кіші станциядағы апат жойылды

Астанада энергетикалық кіші станциядағы апат жойылды

Астана. 6 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада энергетикалық кіші станциядағы апат жойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 5 қаңтарда сағат 18.30-да Астананың Промышленный ауданында №24 ұяшықтың тұтануы салдарынан "Восточная" кіші станциясы өртенді. Промышленный кенті мен Юго-Восток және Ил-Фараби ықшамаудандарында тұратын тұрғындар жарықсыз қалды.

5 қаңтардағы сағат 22.25-тегі жағдаймен жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, жарық берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны