24.06.2013, 15:46 9922

Астанада Есіл өзеніне құлаған көлік ішіндегі төрт адаммен судан шығарылды

Сенбі күні "112" желісіне жергілікті тұрғын хабарласып Есіл өзенінен аударылған көлік көргенін айтқан.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - Астанада "Тойота" көлігі аударылып Есіл өзеніне түсіп кеткен. Көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Сенбі күні "112" желісіне жергілікті тұрғын хабарласып Есіл өзенінен аударылған көлік көргенін айтқан.

Су-құтқару қызметінің күшімен көлік судан шығарылған. Оның ішінен төрт адамның мәйіті табылды.

Астана ішкі істер департаменті басқармасы мәлімдегендей, көлікті жүргізген 24 жастағы қыз дамба арқылы Промышленный ауылына баратын жолда көлік тізгініне ие бола алмай қалған. Аударылған көлік суға құлаған.

Жол апатынан екі қыз бен екі ер адам көз жұмды. Ер адамдардың бірінің кім екені әзірге анықталмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны