14.03.2007, 15:26 3089

Астанада Еуразия Ұлттық университетінің студенті еліміздегі бір жоғарғы оқу орнының жасанды дипломын сатпақ болған

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Астанада республиканың жоғарғы оқу орындарының бірінің жасанды дипломын сатпақ болған Еуразия ұлттық университетінің студенті құрықталды. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Астана қаласының экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов мәлімдеді.

"Біз жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 12-наурызда республика жоғарғы оқу орындарының бірін бітіргені туралы жасанды диплом сатпақ болған Еуразия университетінің 4-ші курс студентін құрықтадық",- деді А. Кәрімов. Оның сөздеріне сүйенсек, "жасанды диплом өте жоғары сапалы жасалған".

Департамент бастығы тергеу мүддесіне сәйкес дипломы жасанды жасалған жоғарғы оқу орнының атын атамады. "Біз әзірге жоғарғы оқу орнының атауын айта алмаймыз, бұл іске қытысы бар нақты мәліметтер мен тұлғаларды анықтаймыз. Изірге сатып алушының Астанадан емес екендігін ғана айта алам",- деп қосты А. Кәрімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны