19.05.2011, 14:24 3524

Астанада газ құбыры жарылып, біраз тұрғындар көгілдір отынсыз қалды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елордада жерді қазу жұмыстары барысында газ құбыры зақымданып, 9 үй көгілдір отынсыз қалған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлаған.

Астана. 19 - мамыр. Kazakhstan Today - Астанада газ құбыры жарылып, біраз тұрғындар көгілдір отынсыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елордада жерді қазу жұмыстары барысында газ құбыры зақымданып, 9 үй көгілдір отынсыз қалған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлаған.

2011 жылдың 18 мамыры күні сағат 10.00 Алматы ауданына қарасты Иманбаев көшесінде "Астана су арнасы" кәсіпорнының жер қазу жұмыстары барысында диаметрі 32-мм-лік газ құбыры зақымданды. Ведомствоның атап өтуінше, соның салдарынан Иманбаев, Абай, Омаров көшелеріндегі бірқатар үйлердің тұрғындары газсыз қалды.

Сондай-ақ ведомствоның ақпаратында сәйкес, 18 мамыр күні "Астанаводсервис" ЖШС Молдағұлова көшесі бойынша қазба жұмыстарын жүргізу барысында даметрі 32 метрлік газ құбырын зақымдады. Төтенше оқиға салдарынан Молдағұлова мен Иуезов көшелерінің бойында орналасқан бірнеше үй көгілдір отынсыз қалып отыр.

Төтенше оқиғаны жоюға "Газ-қызмет" ЖШС-нің мамандары мен техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны