24.06.2008, 11:02 1412

Астанада газ құбырының жарылуы салдарынан төрт тұрғын үй газ қамтамасыздығынан тыс қалды

Астанада газ құбырының жарылуы салдарынан төрт тұрғын үй газ қамтамасыздығынан тыс қалды

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада газ құбырының жарылуы салдарынан төрт тұрғын үй газ қамтамасыздығынан тыс қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Астанадағы Иманов көшесінде 22 маусымда 10 сағат 15 минутта "Астана Горкоммунхоз" АҚ қызметкерлері аумақты жайластыру жұмыстары кезінде газ құбырын жарып алды, соның салдарынан Республика даңғылындағы үш, Иманов көшесіндегі бір тұрғын үй газдан ажыратылды. Төтенге жағдайдың зардабын жоюға "Газ-Қызмет" ЖШС-нің апаттық тобы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны