19.03.2007, 18:53 3012

Астанада героин таратты деген күдікпен ұсталған қыз есірткі салынған қапшықты жұтып жіберді

АСТАНА. 19-наурыз. Kazakhstan Today. Героин таратуға күдікті жастар тобын ұстау барысында бір қыз 5 грамм героин салынған қапшықты жұтып жіберді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігіндегі баспасөз мәслихатында Астана қаласының Ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Серік Аманжолов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Есірткі бизнесімен күрес комитетімен бірлесіп жүргізілген іс-шаралары аясында бес адамдар отырған шетел көлігі ұсталған. Машинаны қарау барысында көлік ішінде отырған қыз 5 грамм героинді жұтып жіберді",- деді Серік Аманжолов.

Оның сөздеріне сүйенсек, қызды шұғыл ауруханаға жеткізіп, есірткі салынған контейнер алынған. Полицейлердің мәліметтер бойынша, бүгінде оның денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Сонымен қатар, Серік Аманжоловтың ақпараттарына сүйенсек, Астанада есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Оның мәліметтері бойынша, Қарағандыдан келген бағдарлық автобустан 27 кг марихуана табылған. "Автобусты қарау кезінде марихуана оралған екі полиэтилен дорба салынған үлкен екі қорап табылды",- деді Серік Аманжолов.

Полицейлердің айтуынша, Павлодарда есірткіге тапсырыс берген адам белгілі болды. "Қазір тапсырыс беруші мен есірткіні алып жүрген азамат ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды, есірткіні Қарағандыдан жіберушіні ұстау шаралары жүргізілуде. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды",-деді Астана қаласының Ішкі істер департаменті басқармасының бастығы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны