11.02.2013, 11:04 4105

Астанада ірі өрт болып, бір адам қайтыс болды

Астанада Көктал-1 кентінде дүйсенбіге қараған түні жеке кәсіпкердің өндірістік цехында өрт болды, деп Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Астана. 11-ақпан. Kazakhstan Today - Астанада ірі өрт болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астанада Көктал-1 кентінде дүйсенбіге қараған түні жеке кәсіпкердің өндірістік цехында өрт болды, деп Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметіне сәйкес, бір қабатты цех ғимаратында өндірістік қондырғы мен жеңіл көлік өртенген.

Түнгі сағат 01:26-да басталған өрт сағат 04:00 шамасында аузыдықталды. От бір мың шаршы метрге жайылған.

Өрт болған жерден белгісіз ер адамның денесі табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны