25.04.2016, 21:04 6662

Астанада "Избушка" асханасы өртенді

"Бүгін сағат 18:12-де "Гранд Алатау" тұрғын үй кешені жанындағы "Избушка" асханасы өртенгені туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жетті", - дейді Руслан Иманқұлов

Астана. 25 сәуір. Kazakhstan Today - Астана қаласы Желтоқсан көшесіндегі "Избушка" асханасынан өрт шықты. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетініӊ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Бүгін сағат 18:12-де "Гранд Алатау" тұрғын үй кешені жанындағы "Избушка" асханасы өртенгені туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 8 минутта жетті", - дейді Руслан Иманқұлов, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, асхана уақытша жұмыс істемей тұрған. 80 шаршы метр аумаққа шарпыған қызыл жалын сағат 18:47-де толық сөндірілді.

"Өртті сөндіруге 6 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамныӊ 31 адамы жұмылдырылды", - деп толықтырды ТЖК ресми өкілі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны