25.06.2013, 10:28 3094

Астанада "КамАЗ" жүк көлігі зейнеткерді басып кетті

Елордада "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі 1945 жылы дүниеге келген азаматты басып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

Астана. 25-маусым. Kazakhstan Today - Астанада "КамАЗ" жүк көлігі зейнеткерді басып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елордада "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі 1945 жылы дүниеге келген азаматты басып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлады қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.

"Кеше кешкі сағат 21 шамасында "КамАЗ" жүк көлігі Жеңіс даңғылы бойымен Мәскеу көшесіне қарай келе жатып, Бөгенбай көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілерге арналмаған жермен өтіп бара жатқан 1945 жылы дүниеге келген азаматты басып кетті. Алған жарақаттан ер адам қаза тапты", - делінген хабарламада

Ведомствоның атап өтуінше, демалыс күндері 4 жол апаты орын алып, 5 адам қаза тапқан және 2 адам жарақат алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны