04.12.2008, 12:30 1661

Астанада қарт әйел мен үш бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді

Астанада қарт әйел мен үш бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді

Астана. 4 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада қарт әйел мен үш бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, 3 желтоқсанда сағат 22.43-те Астана қаласының Есіл ауданында саяжай үйінде пештің ақауы салдарынан 57 жастағы әйел мен 1,2 және 3 жастағы үш бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Таразда 3 желтоқсанда сағат 05.26-да дербес электр станциясын пайдалану ережесін бұзу салдарынан екі ересек адам мен үш жасөспірім көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны