10.01.2008, 10:10 1513

Астанада қатты аяздан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Астанада қатты аяздан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Астана. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада барлық жалпы білім беру мектептерінде сынап бағанасының шұғыл төмендеуіне байланысты 1-9 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Астана қалалық білім беру департаменті қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, "сынап бағанасының күрт төмендеуіне байланысты бүгін таңертең барлық жалпы білім беру мектептерінде 1-9 сыныптар үшін сабақ тоқтатылды".

Бүгін түнде Астанада сынап бағанасы минус 30 градусқа дейін төмендеді. 10 қаңтардағы жағдаймен сағат 9-да Елордасында ауа температурасы 28 градус аязды көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны