03.05.2007, 09:29 1072

Астанада қатты жел салдарынан автобус аялдамасының шатыры құлап, бір адам мерт болды

АСТАНА. 3-мамыр. Kazakhstan Today. Астанада қатты жел салдарынан автобус аялдамасының шатыры құлап, бір адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеменің хабарлауынша, 2-мамырда 13 сағат 34 минутта Сарыарқа ауданында күшті жел салдарынан автобус аялдамасы павильонының шатыры құлады. Оқыс оқиға салдарынан 45 жастағы ер адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны