10.06.2009, 11:50 1451

Астанада "Қазақстан Темір Жолы"компаниясының жаңадан салынып жатқан ғимаратында өрт шықты

Астанада "Қазақстан Темір Жолы"компаниясының жаңадан салынып жатқан ғимаратында өрт шықты

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астанада "Қазақстан Темір Жолы"компаниясының жаңадан салынып жатқан ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Департамент ақпаратына сәйкес, Астанада Есілдің сол жақ жағалауында Қабанбай батыр даңғылындағы "Қазақстан Темір Жолы" акционерлік компаниясының жаңадан салынып жатқан ғимаратында бүгін таңертеңгі сағат 10-да өрт шықты. Қазіргі жағдаймен өртті "Астана қаласының өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі" мемлекеттік басқармасының күшімен шоғырландырылды. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады. Ғимараттан 114 құрылысшы сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге жоқ.

Департамент ақпаратына сәйкес, өрт ғимараттың 9-шы қабатындағы қоқыстың тұтануынан болып шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны