15.01.2008, 10:40 1536

Астанада қазандықтың жарылысы салдарынан бір ер адам қаза тапты

Астанада қазандықтың жарылысы салдарынан бір ер адам қаза тапты

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Астанада қазандықтың жарылысы салдарынан бір ер адам қаза тапты,- деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астанада 14 қаңтарда 10 сағат 30 минутта дәмхана орынжайына жапсарлас салынған ғимаратта қолдан жасалған сулы қазандығы бар пешті жаққан кезде қазандық жарылды. Соның салдарынан қазандықтың 40 жастағы жұмысшысы қаза тапты. Оқыс оқиғаның зардаптарын жоюға Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің 2 адамы мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ "ЦРАОСО" МБ-ның 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны