31.05.2007, 10:25 6403

Астанада "Қазпошта" бөлімшесіне ішінде ұнтақ заты бар конверт келіп түсті, қазір зерттеу жүргізілуде

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Астанада "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне ішінде ұнтақ заты бар конверт келіп түсті, қазір зерттеу жүргізілуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Сарыарқа ауданында 30-мамырда 17 сағат 10 минутта ІІД-іне "Қазпошта" АҚ бөлімшесіне ішінде ұнтақ заты бар конверт келіп түскені туралы ақпарат жеткен. Хатты жіберушінің мекен-жайы көрсетілмеген. Ұнтақ затты қалалық санитарлық-эпидемилогиялық станция қызметкерлері тексеруге алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны