04.11.2011, 11:14 4551

Астанада қылмыскер тонаған адамның қолында жеке куәлігін қалдырып кеткен

Астанада зардап шеккен азаматтың көмегімен тонаушы ұсталды. Бұл жөнінде қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана. 4-қараша. Kazakhstan Today - Астанада қылмыскер тонаған адамның қолында жеке куәлігін қалдырып кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада зардап шеккен азаматтың көмегімен тонаушы ұсталды. Бұл жөнінде қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Зардап шеккен азамат банкоматтан 100 мың теңге алып, үйіне қайтып келе жатқан. Гараждардың арасымен келе жатқанда жоқ жерден жүгіріп келген бейтаныс біреу пышақпен қорқыту арқылы оның ақшасын тартып алып, оқиға орнынан қаша жөнеледі.

Алайда қашып бара жатқан жерінен оны жәбірленуші сыртқы киімінен ұстап қалып, күртесін шешіп алған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері күртені тексеріп шығып, қалтасынан қылмыскердің жеке куәлігін тауып алады. Сол құжаттың арқасында қылмыскердің өзі де ұсталды.

Қарулы шабуыл оқиғасы бойынша елордалық ІІД Сарыарқа аудандық ІІБ қызметкерлері Қарағанды облысының 30 жасар тұрғынын тұтқындады. Қазіргі уақытта қылмыскер Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны